Көктемнің бір күні - жылға азық

30.04.2021ж

Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Наймантаевтың берген мәліметі бойынша биылғы жылы жазиралы Жаркент жерінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша 44 334 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары, бау-бақша өнімдері егілмек. 26 205 гектарға - жүгері, 474 гектарға - бидай, 567 гектарға - арпа, 14 230 гектарға - көп жылдық мал азықтық шөп, 1 345 гектарға - картоп,

1 202 гектарға - түрлі көкөністер, 285 гектарға - бау-бақша, 3 гектарға - элиталы қызылша тұқымы егістіктері егілетін болады. Қазіргі күні дархан дала төсінде көктемгі егіс жұмыстары қызу басталып кетті.
Ылғал жабу 30 800 гектар, дән себу алдыдағы топырақты өңдеу 3 056 гектар, жер жырту 12 870 гектар ауыл шаруашылық жерлерінде жүргізілді. Сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен 128 тонна жанар-жағар май, 4350 тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды, 17 700 тонна органикалық тыңайтқыш дала алқабына сіңірілді.
Аудан бойынша 1 400 гектар жер тамшылатып, 372 гектар жер жаңбырлатып суару әдісімен суарылуының нәтижесінде мол өнім негізі қаланатын болады.
Озық ылғал сақтау технологиясын «Жаркент Фрукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 290 гектардағы дақылдарды тамшылатып суару әдісімен «Көктал Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 300 гектар, Қоңырөлең ауылдық округі бойынша 72 гектар жердегі ауыл шаруашылық дақылдары жаңбырлатып суару әдісімен суарылуы жоспарланып отыр.
Ауданымызда 7 жүгерінің, 1 қызылшаның элиталық тұқымдарын өсірумен айналысуға машықтанған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ағымдағы жылы да сол бағыттағы игі істерін жалғастыратын болады.
Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесі тойланатын жылы да мол, сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ету мақсатында осы шаруашылықтар арқылы 1 080 тонна жүгерінің, 7 тонна қант қызылша дақылдарының жоғары сапалы тұқымдары дайындалып, оны ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келе жатқан шаруашылықтар алып, пайдалануға кірісіп те кетті.
Бір күні жылға азық болатын көгілдір көктемнің әрбір күнін тиімді пайдалуға кіріскен Жаркенттік майталман дихандар, бау-бақша мен көкөніс өсіруші ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерінің биыл да жылдағыдай жоғары жетістіктерге жетіп, еліміздің азық-түлік молшылығын жасауға өзіндік үлестерін қосатынына сеніміміз мол.
Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,
Қазақстанның Заңгерлер
және Журналистер
Одақтарының мүшесі.