25 қазан – Тәуелсіз ел тарихындағы таңдаулы күн

2023-10-16


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын» –деп Мемлекет басшысы  еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен батыр бабаларымыздың қанымен келген  күнді ерекше атап өтуді тапсырған болатын.

   

              Қалай десек те, 25 қазан қазақ халқы үшін – айтулы күн. Әлдекімдер бұл мерекені тәуелсіздік күнімен пара-пар десе де, екеуі екі түрлі мағына мен түсінік береді.  25 қазан егемендікке бастайтын алғашқы қадамдардың бірі болып есте қалса, 16 желтоқсан тәуелсіздікке қол жеткізген күн болып тарих бетінде мәңгі сақталады. Ең бастысы екі айтулы мереке де жастардың рухын өршітіп, намысын қайрап, жігерін тасытады