Тау алыстаған сайын асқақтайды

2022-08-5


Қазақ елінің бір туар азаматы, аса көрнекті және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым акамедемиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың биыл туғанына 110 жыл толды.

 

Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін  біз ешқашан ұмытпаймыз.
       Д.Қонаев дегенде ауыз толтырып қана емес, бір томдық кітап етіп жазуға болады. Өз заманының өр тұлғасы және  қазіргі жастарға  үлгі боларлық  «Тау тұлға» ретінде есте қалды.
        Қонаевтың елге жасаған өнеркәсіптік және шикізаттық базасын, құрылыс инфрақұрылымын, ғылым-білім, мәдениетін өркендетуге сіңірген еңбегі ұлан-ғайыр. Сонымен қатар, оның баға жетпес кісілік келбеті мен адами қасиеттері де уақыт өткен сайын мейлінше айшықтана түсуде.
             Димаш Ахметұлы 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. 1936 жылы Мәскеу түсті металдар және алтын институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. «Прибалхашстрой» тресінде жұмыс істей бастады. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды басқарды, оның ішінде Алтай, Риддер, Лениногор кеніштерінде басшылық қызметтерді атқарды. 1952-1955 жылдары Қазақстан Ғылым академиясын басқарды. Оның басшылығымен өнеркәсіпті де, ауыл шаруашылығын да дамыту, Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізілді. Қонаевтың өзі 200-ге жуық ғылыми еңбектер жариялады. 1955-1960 және 1962-1964 жылдары Қонаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды. Дінмұхамед Қонаев іс жүзінде Қазақстанды 25 жыл басқарды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осы жылдар ішінде республиканың өндірістік әлеуеті 700 пайыздан астам өсті, өнеркәсіп көлемі 9 есе, ауыл шаруашылығы 6 есе, күрделі құрылыс 8 есе өсті.          
     Сонымен қатар,  Дінмұхамед Ахметұлы басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 43 қала бой түзеді. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Теміртау, Жаңатас, Кентай, Арқалық, т.б. қалалар салынды.
    Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев  100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеді.
                                                                                                                                                 (ӨЗ ТІЛШІМІЗ).

Күнтізбе

« Қазан 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2818681