«Жыр әлемінің жауқазыны»

15.10.2021ж

Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан  қазақ халқы ақынға  кенде болған жоқ.  Поэзия әлеміне көз салсақ, қазақ халқының арман-мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын  жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.

Жазиралы Жаркент – жырға бай. Жуырда Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, атақты ақын бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан танымал талантты жерлес, ақынымыз  Бағдат Бейсенқызы Айтмұқаевамен мектеп     кітапханасында        бастауыш  сынып    мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  кездесу өтті.

  Ақынмен болған сыр сұхбатымыздың мақсаты - оқушыларды Б.Айтмұқаеваның шығармашылығымен таныстырып, өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне  деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

       «Жыр әлемінің жауқазыны» атты кездесуімізде  «Жаркент өңірі» газетінің бас редакторы, жазушы, сыншы Сағат Әшімбаев атындағы сыйлықтың лауреаты, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы  Бағдат Айтмұқаеваның өмірбаяны  таныстырылды.

     Кездесуде Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп директоры Раушан Баякеева  сөз алып, Бағдат Бейсенқызының жаңадан шыққан «Бала тілі бал» кітабының шығуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

       Мектебіміздің  бастауыш сынып оқушылары автордың  «Бала тілі бал» кітабынан  шығармаларын оқып, әңгімелерін айтып берді. Б.Бейсенқызына оқушылар сан түрлі  сауалдар  қойып, жауаптарын  алды.

     Сырлы  сұхбатқа  толы болған әсерлі кездесуде оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын оқушылар ақынның жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, ақын өлеңдерімен рухани сусындап қайтты.  Кездесу соңына дейін тапжылмай отырғандығынан-ақ жас  тыңдармандардың қара өлеңге деген махаббатын аңғаруға болады.

      Сондай-ақ кездесуге  республикалық «Игілік», «Жер Жиһан» журналының тілшісі, еңбек ардагері, мектебіміздің жанашыры  Алия Айсаева    мен мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Ұлдан Катикова қатысып, сөз сөйлеп, өз ықыластарын  білдірді.

А.Болатбекова,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп  директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары.        

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4125205