Терең біліммен айқын мақсат мекені


   05.10.2021ж

 Меніңше білімді адам ешқашан биіктен құламайтын құласа да, алдыға жүруге  тырысатын жан. Сондай-ақ, білімге құштарлықты оятатын мекен ол мен үшін.   

      Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. Мен өз оқу орнында білімді де мақсатын анық білетін жастардың оқу орны деп толық сеніммен айта аламын. Оқу орнының 87 жылдық тарихы бар. Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті еліміздің білім мен ғылымның дамуының куәгері. Ұлттық университет өзінің негізін қалағаннан бастап қазақстандағы білім беру жүйесінің алдыңғы қатарынан орын алатыны белгілі.       Қазақстанда тұңғыш рет Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде. Қытай  ғылым академиясының       агроғарыштық ақпараттар ғылыми-зерттеу институты мен   бірлесе жерді қашықтықтан зондтау орталығын ашты. Әрине,бұл бағдарлама арқылы геологиялық зерттеулер мен картография сияқты  зерттеулердің кең перспективаларын  ашатыны сөзсіз. Сондай- ақ, білім мен ғылымға жақын университет оқытушылары мен мамандар және жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиялардың  иегеріне айналады. Университет білім беріп қана қоймай әрқашан ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу керектігін  бірінші орынға қояды.
   Мен Ильяс Айнур Жумағазықызы Ұлттық бірыңғай тестілеуден физика математика пәнін таңдадым.Себебі бұл пән бойынша қазір мамандық түрлері мен университетке түсу мүмкіндігі көп.Мен биыл Қазақ  ұлттық  универсиетіне  оқуға түстім.Кішкентай кезімнен осы университетке түсуді армандадым. Менің таңдаған мамандығым математикалық және компьютерлік моделдеу.Мен бұл мамандықты таңдаған себебім болашақта информатика,математика,акт,физика пәндерінен сабақ бергім келеді.Кішкентай кезімнен мұғалім болуды армандадым.Армандауымның себебі әкемде,анамда мұғалім.Менің таңдаған мамандығыма сұраныс өте көп.Қазір сабақты түсініп қиналып жақсы оқып шықсақ,кейін осы еңбегіміздің жемісін  көреміз деп ойлаймын.Бұл мамандық бойынша программист болуғада болады.Биылғы оқу жылы бойынша minor  бағдарламасы енді.Minor бағдарламасын 6 ай оқып шыққан соң ғана төрт пәннен сабақ бере аламыз. Бұл мамандықты таңдап тағы да  ғылыми зерттеу, телекоммуникация,жобалау, білім беру мекемелерінде және түрлі өнеркәсіп орындары мен ұйымдық-басқару ұйымдарында маман, бас маман, бас инженер, инженер-бағдарламалаушы, жүйелік әкімшілік программисті; математикалық және компьютерлік пішіндерді жасаушы және математик-программист болып қызмет атқара алады.Мен бұл мамандықты оқып шыққан соң өзімнің жеке 11 сыныптарды Ұлттық Біріңғай тестілеуге дайындайтын курс ашып ,олардың сабақты жақсы меңгеріп,ҰБТ дан жақсы балл алуына үлкен мүмкіндік жасағым келеді. 
Енді осы университет туралы айтатын болсам,қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Атап айтатын болсам Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы,  «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. 
Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс істейді. Оның құрамына «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, студенттер Сенаты, «Көмек» еріктілер қозғалысы, студенттер кеңесі, студенттердің ғылыми қоғамы кіреді. 
Мен осындай керемет мекеннің студенті атанғаныма қуаныштымын. Мен өз білімімді жеттіктіру арқылы, білімді азаматша болып қалыптасу.

Айнұр Ілияс.