Сахнада "вальс королі"

Өткен аптада осы  тақырыпта аудандық Мәдениет үйінде Қазақстанның Халық әртісі,ұлттық өнеріміздің ұлы дарыны, көрнекті композитор, мемлекеттік әнұранымыздың авторы, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші болып  өтті.

 

            Жаркент қаласының әкімі Ермек Нұрахметов пен орынбасары Айдын Келемсейітовтің

қолдауымен өткен бұл іс – шараны, Жаркент қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері Әниша Кәрібаева, Алям Мұсаева, Айдана Мұсағұлова және кештің жүргізушісі болған Арман Саурықовтар өткізді.

            Бүкіл ғұмырын өз ұлтының рухани кемелденуіне арнаған Шәмші атамыз биік рухты

мәңгі өшпес әндері халықты Отан сүйгіштікке, туған ел мен жерге адалдыққа тәрбиелеуге, ынтымақ пен бірлікке шақыруға қызмет етіп келеді. Оның әндері қанша дәуір алмасада, өз маңызын жоймайтыны анық. Сондықтан да халық жүрегінің төрінен мәңгі орын алған

ұлы композиторды ұлықтауды біздерде де Жаркенттің ұл қыздары сүйікті қаламыздың 135 жылдығы аясында Шәмші әндерінің кешін ұйымдастыру өте құптарлық іс.

            Осы тұрғыдан келгенде тұла бойы әсем әуен, сырлы сазға толы ғұмыр кешкен Шәмші есімі қазақтың әрбір шаңырағы үшін киелі. Ол жүректі жаулап алар әндерімен  әрқайсымызды  табындырып алғалы қашан. Шыңғыс Айтматов: «Ш. Қалдаяқов - ән падишасы, ол бір қазаққа емес, бүкіл адамзатқа ән салдырған аса талант иесі» деп

тебіренген болса, Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы: «Еліміздің қай түпкіріне барсам да, кәрі де, жас та аса көрнекті композиторымыз Шәмші Қалдаяқовпен талантты ақынымыз

Жүмекең Нәжімеденовтің сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әнұран есебінде

шырқалғанын талай рет куәсі болдым, бұл мен ғана емес, қазақстандықтардың сан буы-

ны әлдеқашан білетін шындық. Осы уақытқа дейін бейресми әнұран қызметін атқарып кел-

ген бұл әнге ресми мәртебе беретін күн жетті» - деп толғаған екен. Осылайша 2006 жылы «Менің Қазақстаным» әні тәуелсіз еліміздің мемлекеттік гимніне айналды. Бұдан Шәмші ағамыздың  қазақ ән өнеріне үлкен жаңалық және ұлттық бояу, қанық өлмейтін туынды-

лар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін мойындаймыз. Бізге дейінгі буын да, ата –

апаларымыз, кейінгі толқын да Шәмші атамыздың сазды әндерін жанына жақын тұтпақ. Бұның нақ дәлелі Шәмші атамыздың ән кешінің шымылдығын еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз, «Алтын алқа» белгісінің иегері, Сарыбел ауылының тұрғыны Гүлзағира апайымызға бұйырды. Одан әрі кеште Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің ұстазы Мәдина

Байдәулетова, Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Ерік Несіпбеков, Нұржан Батбақбаев, Бақытгүл Нұрахметова, Көркем Шойынбаева, Еркебұлан Батырғалиев, «Сапар»

тобының әдерімен ұласты. Айдана Исабекованың шырқауындағы «Ақмаңдайлым» әні өте ерекше орындауымен есте қалса, Дәурен Иманханов «Дүнген қызын» әуелете орын-

дап шықты. Сонымен қатар Өміржан Сайдолдаев, Дастан Тұрапбаев, Сайра Байнолда, Раушан Смайлова сынды ұл – қыздарымыздың орындауында әсем әндер әуеледі.

Шәмші атамыз ұлттық рухпен өрілген, қалың ел ардақ тұтқан қазақ әнінің тұлы қайнары,

ұлы мақтанышы, асқар шыңдар алыстаған сайын биіктей беретіні секілді Қазақ даласының ұлы перзенті Шәмші Қалдаяқовтың да уақыт өткен сайын даңқы өсіп, соңғы  демі біткеше, сүйіп өткен өзінің ұлтына жақындай бермек. Халқымыздың жігерін жанып, намыс отын оятып, жас өренді де, жасамысты да ғашық қылған, асық қылған әндері арқылы оның есімі

ұрпақтан ұрпаққа мәңгі өшпесі анық.

Мәулен КЕРІМБЕКОВ

Күнтізбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4601180