Рухани келісім-тұрақтылық тірегі

05.02.2021ж

Татулықты ту еткен тәуелсіз елміз. Ынтымағымызды жарастыра ырысымызды шалқытып, шаңырағымыз шаттықты күндеріміздің шұғылалы нұрына бөленген шақ-шадыман қуанышты жүздерден   бақыт ұшқынын аңғарамыз.

 

     Имандылық деген асқақ ұғымның астарына байыппен қарамаған күндер де өткен. Адамзат баласының құдайдан тілер бір ғана ақы тілегі бейбітшілік екенін де ұмытып, асыра сілтеп астамшылыққа барған күндер де болған. Бірақ соның бәрінде бойын арандатулардан аулақ ұстай білген, бауырластықтың бағасын ұққан, жақсылықтар үшін жанын құрбан еткен қазақ халқы қанына сіңген қасиетінің қадірін түсірмей, өз топырағында ұлтаралық татулық пен рухани туыстықтың туын асқақ көтерді.
      Еңбектеген жасымыздан еңкейген қартымызға дейін Елбасымыздың егемендігінің басты қағидасы халықтар достығы деген ұстанымын ұран етіп мынау бейқұт жаймашуақ күнді әспеттейміз.
     Ең басты мұратымыз - татулық пен бірлік. Тәуелсіз Қазақстан - Ортақ үйіміз. Осынау алып отаудың оты мәңгілік маздап, түтіні түзу шығуы үшін де жаркенттіктер ынтымағымыз бен бірлігімізді нығайта береді. Бұл ешбір күмән көлденең тұра алмайтын ақиқат.
Б.Тлеухан.