Чемпионға құрмет көрсетілді

Наурыз айының 15 күні Пенжім ауылында «IS» тұжырымы бойынша «Ережесіз жекпе жектің» әлем чемпионы, «Дзюдо»  күресінен Қазақстанның  екі мәрте    Чемпионы, 2018 жылы Мәскеуде «Боевой самбодан»  он екі мелекет арасында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы және   наурыз айында   Болгарияда өткен әлем чемпионатының  алтын жүлдегері Ақжол Жолдасбаевпен  салтанатты кездесу өтті.

   Кездесуге тұрғындармен бірге туыстары, достары, спорт жанкүйерлері қатысты. Шара барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Шоқпаров сөз алып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ақжол Жолдасбаевтың зор  жеңісімен құттықтап ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ     ауыл    әкімі  Е.Сқақов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Қонашев,  ауыл ақсақалы  Қ.Нүсіпов, жігіт басы Н.Шідербаев, ауылдық   ақсақалдар  кеңесінің төрағасы М.Азизов және  әжелер атынан Нұржамал Жолдасбаева тағы басқалар сөз алып, саңлақ спортшының  биіктен көрінуіне  тілектестіктерін білдірді.

      Ақжол Жолдасбаевқа әжелер  шашу шашып ақ тілектерін  айтса, ауыл азаматтары чемпион жігітке ат мінгізіп, иығына шапан жапты. Ақжол Жолдасбаев 1994  жылы  Пенжім ауылында дүниеге келген. Ол Республикалық  дарынды балаларға арналған Кәркен Ахметов  атындағы спорт мектебінің «Дзюдо» бөлімінде оқып бітіреді. Одан кейін қазақтың Әл-Фараби атындағы  Ұлттық Университетінің заң факультетіне түсіп, 2015 жылы аяқтады.

     Спортпен қоса үш тілді еркін меңгерген Ақжол Мырзағалиұлы Америкада, Голандияда, Түркияда және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстандарда өткен ережесіз жекпе-жектің жеңімпазы.

      Пенжім ауылында өткен «Айбынды ұлы қазақтың»  атты бұл кездесудің жалғасы «Береке»  мешітінде әруақтарға құран бағыштап,   ауылдарды аралауға ұласты.  Сондай-ақ А.Розыбакиев атындағы орта мектепте кездесу болды.

Жұмағазы  Бейсебек.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130129