Жас өрендер жарады

02.04.2021ж

Осынау байтақ Ұлы Отанымыздың қай өлкесіне барсақ та, білектің күшімен, найзаның ұшымен елін, жерін қорғаған ба- тыр бабаларымыздың өр де  өжет, намысты ұрпақтарының өсіп келе жатқанына көзіміз жете түседі.

Түрлі спорттық сайыстар- да сол өжет өрендеріміз жеңіс тұғырынан көрініп жатса, «Ой, бәрекелді!» деп бір марқайып қалатынымыз да баршылық. Сол секілді жақында талай ақындар мен батырлардың, дарынды өнер иелерінің құт мекеніне айналған киелі шаһар Жазиралы Жаркент жерінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының нәтижесі де белгілі болды.

Ауданымыздағы №1 Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде өткен бұл чемпионатқа республикамыздың түкпір- түкпірінен 29 команда бой- ынша 433 спортшы қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Панфилов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл жарыс нәтижесі бойын- ша командалық есепте Алматы облысы 1 орын, Ақтөбе облысы 2 орын, Қостанай облысы 3 орынға ие болды. Жалпы чемпионатта 12 алтын, 12 күміс, 24 қола сарапқа салынды. Жерлестеріміз, ауданымыздың мақтаныштары 38 кг салмақ дәрежесінде Диас Мұрат жеңімпаз атанса, Ақжол Болатбек күміс медальды иеленді. Жас өрендерді, барша жас спортшыларды осы мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз! Алда әлі алар асуларыңыз бен шығар биіктеріңіз көп бола берсін!

Б.СЕРІКҚЫЗЫ.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130512