Грек-рим күресінен ҚР чемпионаты өтуде

18.03.2021ж
   Жуырда Жазиралы Жаркент шаһарының №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт   мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер (U15) арасындағы ҚР чемпионатының ашылу салтанаты болып өтті.
Салтанатты шараға грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы, Әлем чемпионы, Үш дүркін Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы  Ю.Мельниченко, грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Теңізбаев, аудан әкімі Т.Өмірәлиев, Жаркент қаласының әкімі Б.Омаров, Нұр Отан партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, Алматы облысының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының президенті М.Көлбаев, Алматы облысының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының вице-президенті Б.Ушуров, Алматы облысы мәслихатының депутаттары, Панфилов ауданының Құрметті азаматтары С.Ақсубаев пен М.Аубакиров, грек-рим күресінен ҚР спорт шебері, ҚР жасөспірімдер арасындағы аға бапкер Е.Өркешев, грек-рим күресінен ұлттық құрама командасының басшысы А.Қылышбаев, жарыстың бас төрешісі, грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі төреші М.Мұсаев, жарыстың бас хатшысы - О.Балмағамбеков, облыстық жоғарғы шеберлігі мектебінің директоры Н.Қанатұлы, Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған медколледжінің директоры Б.Касимов, гондбол және футзалдан мамандандырылған БЖСМ директоры Д.Аширов, еркін күрестен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Д.Жұмағазиев, Панфилов ауданының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының үздігі Т.Жапарқұлов қатысып, жүзден жүйрік шыққан спортшыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, тартысты бәйгені тамашалауға «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының шеф-редакторы, Алматы қалалық филиалының директоры Жандос Аянбек те келіп, дүбірлі доданың кіл мықтыларына жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін білдірді. 
 
Жалпы бұл жолғы тартысты сайысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан 29 командада 433 спортшы қатысуда. Олардың барлығы дерлік өз аймақтарынан оза шапқан жүйріктер. Міне, осы байрақты бәйгеде барлық спортшыларға біз де сәттілік тілейміз!

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130561