Денсаулық

Жетісу облысының медициналық ұйымдарына түсетін шағымдар саны 8% - ға азайды

2023-05-23


Ағымдағы жылдың басынан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми кері байланыс арналары арқылы Жетісу облыстың медициналық ұйымдарына 129 өтініш пен шағым түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% -ға аз. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жетісу облысы әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының директоры Гульзия Таипова баяндады.

Толығырақ: Жетісу облысының медициналық ұйымдарына түсетін шағымдар саны 8% - ға азайды

Жетісу облысында 230 гектар жер кенеге қарсы өңделеді

2023-04-11


          Кене энцефиалиті вирустармен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін табиғи-ошақтық ауру. Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады. Жетісу облысы бойынша жыл сайын кене энцефалитінің 4-5 жағдайы тіркеледі. Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында облысты кенелерден тазартуға байланысты Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов пен Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарамасының  басшысы Сәкен Мелдебаев айтып берді.

Толығырақ: Жетісу облысында 230 гектар жер кенеге қарсы өңделеді

Жетісу облысында ағымдағы жылдың 9 айында 69 адам ЖИТС(СПИД) дертіне шалдыққан

2022-12-01


Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін өсім нәтижесінде Жетісу облысында ЖИТС дертіне шалдыққандар саны 1164 адамды құрады. Жыл басынан бергі тоғыз айдың ішінде өңірде 69 жағдай тіркелді. Олардың 18-і 14 жасқа толмаған балалар. Осындай ақпаратпен бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте сала мамандары бөлісті. Науқастың таралу жағдайы жайында ЖИТС-нің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы директорының ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық бақылау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Гүлмира Жақанова, аталмыш орталықтың дәрігер-инфекционисі Саниям Махмутова мен Жетісу облысы бойынша АИТВ науқасының алдын алу орталығының  дәрігер-эпидемиологі Марал Матембаева толыққанды ақпарат берді.

Толығырақ: Жетісу облысында ағымдағы жылдың 9 айында 69 адам ЖИТС(СПИД) дертіне шалдыққан

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалы Қаратал ауданының ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізуде

2023-04-11


Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыс бойынша филиалы қызметкерлері Қаратал ауданының ең көп сақтандырылмаған халқы бар ауылдық округтеріне барды.
Әкімдіктермен бірлесіп Балпық би, Тастөбе, Ескелді би, Жолбарыс батыр ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды. Тұрғындарға МӘМС туралы заң шеңберінде олардың құқықтары, әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарналарды төлеу тәсілдері мен сомалары, жүйенің артықшылықтары мен ТМККК және МӘМС шеңберінде қолжетімді медициналық көмек көлемі түсіндірілді.
Азаматтар тарапынан 15 жеңілдікті санатына, медициналық қызметтердің қолжетімділігіне және пациенттің бағытына қатысты сұрақтар қозғалды.

Толығырақ: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалы Қаратал ауданының ауыл...

Сарқанда тіс емханасы ашылды

2022-08-17

«Ебін тапқан екі асайды» дегендей бүгінгі таңда кәсіп бастағысы келген әр адам үшін мемлекет ұсынып отырған оңтайлы жолдар мен тиімді шешімдер бар. Соның бірі- «Басату бизнес» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Толығырақ: Сарқанда тіс емханасы ашылды

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4153313