«Суан баба» қоры жұмысын жалғастыра ма?!

Жаркент қаласындағы Өсек өзенінің батыс жағына Суан баба ескерткіш монументі тұрғызылғалы бес жылдан асып барады... Кіндігінен бүкіл бір ұлыс ел тараған баба рухы үшін қорды құрып, жұртты ұйымдастырған Базархан Жақыбаев деген азамат еді. Сөз басында айта кетерлігі Б.Жақыбаев өзі бастаған осы жұмысы үшін төрт жыл бойы еңбекақы алмай,  бел шешпей іс атқарғанын аудандық «Орбұлақ» газеті 26-ші қазан, 2016 жылы «Ұлы дала елінің ұлағатын асырған» деген тақырыппен жариялаған болатын. Қазіргі  таңда қорға жиылған қаражат болмауы салдарынан қалған жұмысты  жүргізуге  мүмкіндігі болмай отырған көрінеді.

 

1. Биіктігі 19 метр ескерткіш қызыл тасқа ойылып жазылған күйде   дайын  тұр;

2. 5 га ( 270 метр) жердің айналасы темір қоршаумен қоршалған

3. Су құбырлары тартылуға ;

4. Аздап ағаш отырызуға жетіп жығылған

                Ендігі жұмыс  әртүрлі әсем ағаш түрлері мен толық саябақ орнатып, ескерткішті көркем абаттандыру жұмысы, қажетіне қарай төсеніш пен жолдар  салу  және  ең  бастысы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласында  көрсетілген жастардың рухани - салауатты өмір салтына орай «Суан баба» монументі қасынан Неке сарайын салу жұмыстары күтіп тұр. Жоғарыда айтылғандай,  «Суан баба» қорының қаражаты таусылғанына орай аудан әкімшілігінің бұйрығымен аталмыш 5 га жер ескерткішпен қоса қалалық әкімшілікке, яғни аудандық жер бөлімінің қарамағына қайта өткізіліп берілген. Содан бері де көп уакыт өтті. Аудан әкімі ауыстырылды. Бұл мәселеге алғаш мән берген әкім өзі басқарған жерде ел руханиятын көбірек қолдап жүретін М.Бигелдиев болған. Өкінішке орай,  2013 жылдың сәуір  айында ол ауысып кетті.

                 Қорытып айтар  сөз, жақсы басталып, тамаша атқарылған  жұмыс  ендігі  кезекте  Алматы облысы әкімінің қолдауымен  іске   асар деген ниеттеміз. Бұл жайлы білмейтін адамдар осы қорды құрушы кім, қандай азамат  деп ойлауы мүмкін.

                Қорды құрушы Базархан Жақыбаев. Ол  жазушы, ақын, көптеген әндері  бейнебаянға түсіріліп, оның біразын қазақтың жезтаңдай   әншісі  Дәнеш Рақышевтің орындауында күйтабаққа   түсірілген. Сондай-ақ Б.Жақыбаев ҚР Мәдениет саласының, кеңестік кооперацияның  үздігі. Алматы облысы және Панфилов ауданының «Құрметті азаматы». Ауыл шаруашылығын дамытуда еліміздің талап-тілегіне үлкен  үлес қосып отырған азамат.Қазір қолындағы  ұлы Жақыбаев Төлебидің қарамағындағы мал шаруашылығының негізін салып, оны асылдандырып оның                    дамуын жолға қойған білікті маман. Бүгінгі күнде ірі қара малының асыл тұқымдарымен Жамбыл,  Алматы облыстарының шаруа қожалықтарының сұраныстарын қанағаттандырып келеді.

               

Жанат Ахмади,

 жазушы, «Алаш»  әдеби сыйлығының иегері, Алматы облысы және  Жамбыл ауданың  «Құрметті азаматы». Нұрдаулет Ақыш,

 жазушы , филология ғылымдарының докторы.

Қәдірбек Құныпия,

ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.

Ерғазы Манап,

«Орбұлақ» газетінің 

бас редакторы.

Қуат Қайранбай,

ақын,  «Жетісу» газетінің тілшісі.

Болат Жетекбай,

ақын, «Қазақфильм» киностудияның қызметкері. Дәурен Қуат,

ақын, «Абай.kz»  сайтының

басшысы.