Шынысаң-шымыр боласың

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын одан әрі арттыру туралы» қаулысына сәйкес, жалпы білім беретін барлық мектептерде денсаулық және спорт күндері өткізіліп тұруға тиіс. Бұл шаралар денсаулықты нығайтуға, оқушылардың белсенді дамуын қамтамасыз етуге және дене тәрбиесіне қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

 

             Қ ы р к ү й е к т і ң 9-ы жұлдызы Төменгі Пенжім орта мектебінде «Өз денсаулығымыз – өз қолымызда» ұранымен «Денсаулық күні» өтті. Шара аясында мектеп оқушылары мен ұстаздар арасында баскетбол, волейбол, қолкүресі, арқан тартыс, жүгіру сынды спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Денсаулық күні 8-11

сынып оқушыларының сынып жетекшілері, дене тәрбиесі мұғалімдерімен бірге таңғы жүгіруінен басталды. Мұнан соң мектеп акробаттары өнер көрсетіп, барлық оқушылар таңғы жаттығу жасады. Құттықтау сөз кезегін алған  мектеп директоры А.Карибаева денсаулығы мықты ұрпақ - салауатты Қазақстанның басты байлығы екендігін айтты. Ақжарма тілектерін кәсіподақ ұйымының төрайымы З.Тұрсынқызы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі К.Барлыбекұлы да білдірді.

            Денсаулық фестивалі кешкі сағат 18.00-ге дейін жалғасты.    Спорттық іс-шараларға белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларға арнайы Мақтауқағаздары табыс етілді. Оқушылар денсаулық күніне арналған фестивальден оң әсер алып, жаңа оқу жылында бойларына күш-қуат жинап, бір серпілгендері анық.

Н.Қожабергенов,

Төменгі Пенжім орта  мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4131351