«ДЕЛЬТА» ШТАММЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕЛІМІЗДЕ КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛУІ МҮМКІН

23.06.2021ж

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үндістанда кең таралған «Дельта» штаммының елімізде анықталғандығына байланысты халыққа ескерту жасады. Өз сөзінде халықты жаппай сақтануға, карантин талаптарын орындауға шақырды.


«ПТР скринингінің нәтижелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен ауыратын науқастардан алынған оң зертханалық сынамалардан «дельта» штаммына тән мутация ықтималдығы анықталды. Коронавирустың «Дельта» штаммы өте жұқпалы және анықталған штаммдарға қарағанда 60%-ға тез жұғады, оның инкубациялық кезеңі 7 күнге дейін қысқа. Соңғы зерттеулер коронавирустың «үнділік» штаммы науқас саны және өлім ықтималдылығымен байланысты екенін көрсетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша SARS-CoV-2 «Дельта» штаммы әлемнің 74 елінде анықталды»,-дейді министр.