Құтқарса, тек вакцина құтқарады

27.05.2021ж

«...Биылғы жағдайдың былтырғыдан қиындығы сонда, бұған да халықтың еті үйреніп болды. Ал осы ең жаман нәрсе. Инфекция былтырғыдан екі есе күшті қарқынмен жұғып жатқаны содан. Бұлай жалғаса берсе, өлім-жетім былтырғыдан да көп бола ма деп қорқамын»,-деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы Уайс Ерсайынұлы. Ол індеттен құтылудың нақты жолы - екпе алу екенін айтады.


«Ал енді бұны тоқтататын бірден-бір күш, ол - вакцина. Адамзат тарихында қаншама алапат індет болған, соның бәрін осы вакцина тоқтатқан. «Ойбай, халықты вакцинамен қырады екен, бетпердеде құрт бар екен» деген сияқты алып-қашпа әңгіме сені құтқармайды, құтқарса тек вакцина мен сақтық шаралары ғана құтқарады. Сондықтан сенбестік пен күдікті қойып, вакцина алған дұрыс.
Тыйылу керек деді, болды, тыйылу керек! Бетперде тағу керек деді ме, болды тағу керек! Вакцина салу керек деді ме, болды, салу керек!