Екпе егудің маңызы зор

30.04.2021ж

24-30 сәуір  аралығында  ауданымызда «Бізді вакцина жақындастырады!» ұлттық бағдарламасы аясында апталық жүргізіліп жатыр. 

        Тұрғындарды  вакциналау, профилактикалық  жүргізілетін екпе егу күнтізбесін, оларды жүргізу ережесін және халыққа  жоспарлы екпе  егілуі  туралы  ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30.12 №2295 Қаулысы бойынша Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес  21 инфекцияға  қарсы жүргізіледі. Біздің ауданымызда 41 екпе егу мүмкіндіктері бар. Екпелердің бекітілген жалпы күнтізбесі бар, бірақ   әрбір бала жеке қаралады, екпе салар алдында әр  бала міндетті түрде тексеріледі. Әрқашан екпелердің нұсқалары бар және  бала денсаулық жағдайына сәйкес жеке егіледі.Екпелер - бұл жұқпалы аурулардан сақтанудың жалғыз сенімді жолы. Біздің балаларымыздың  да қорғалуға құқығы мен мүмкіндігі бар. Екпе егу пункттерінде  қажетті медициналық талаптар бойынша жұмыстар жүргізіледі және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Ауданымыз шекара аймағында орналасқандықтан, ауданға сырттан келушілер саны өте көп. Сондықтан күнделікті жұқпалы аурулардың сырттан енуінің қаупі де зор.

                Мемлекеттік вакцинация бойынша саясат екпені қолжетімді дәрежеге дейін жеткізді. Әрбір бала күнтізбеге енгізілген екпелермен жергілікті мекен-жайлары бойынша емханада, ақысыз түрде егіле алады. Бүгінгі күні  екпеден бас тартушылар саны көбеюде. Неліктен ата-аналар балаларын ектіртуден бас тарта бастаған? Себебі, бізде ұзақ уақыттан бері дифтерия, туберкулез, полиомиелит, көкжөтел жұқпаларының эпидемиясы туралы ешкім естіген жоқ. Адамдар аталған жұқпалы аурулардан қорықпайтын болған, сондықтан да екпеден батыл бас тартады. Ешкім сырқаттанбайды деп  ойлайды.   Екпеден бас тартқан ата-аналардың көбі  жиі ғаламтордағы ақпараттарға сүйенеді. Бірақ ол жерде арнайы мамандардың пікірлері жиі айтылмайды. Ғаламтор жүйесі бақылаусыз және жауапсыз ақпараттармен толтырылған, оны ешкім тексермейді, ал адамдар сенгіш болып келеді. Екпе  енгізу  қауіпті  деген сөз,  дәйексіз  және   негіз-сіз.                                                                                                                                        

   Екпе салынған күні далада серуендеуді, басқа балалармен байланысуды шектетіп, баланы түнге қарай шомылдырмауға кеңес беріледі.                                                                                                                                              Екпеден кейін балаға ата-анасы тарапынан үлкен көңіл бөлінуі керек.Екпеден кейін балада шұғыл әсерлер пайда болған  жағдайда, балаға медициналық бақылауды  қамтамасыз ету үшін ата-аналарына баласымен бірге екпе салынған кабинеттің алдында 30 минут көлемінде отыру қажет. Көп жағдайларда, вакцинадан кейін ине салынған жерді ауырту немесе аздап дене қызуының  көтерілуі сияқты уақытша және жеңіл әсерлер болуы мүмкін. Күрделі жанама әсерлер өте сирек кездеседі және мұқият қадағаланады. Мысалы, полиомиелит салдарынан ауру өршіп паралич  тудыруы мүмкін, ал қызылша энцефалитке және соқырлыққа әкелуі мүмкін, ал вакцинамен қайтарылмайтын кейбір аурулар өлімге де әкелуі мүмкін.                                                                                                                                   

    Ата-аналар, балаларыңызды  уақытылы  егуден бас тартпаңыздар, өздеріңіз де егіліңіздер. Тек профилактикалық  егулер ғана Сізді  инфекциялық аурулардан сақтай алады.    

            Г.Оразбақова,

ШЖҚ «Панфилов көпсалалы ауданаралық  ауруханасы» 

     КМК-і   СӨС бөлмесінің валеологы.

 

Күнтізбе

« Тамыз 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2728626