Арақашықтық маңызды

16.04.2021ж

Коронавирустың   өзгеріске ұшыраған түрін балалар да  жиі  жұқтыруда.  Бұл туралы сала мамандары мәлімдеді. Аурудың негізгі белгілері-дене қызуының көтерілуі, тәбеттің болмауы, іштің өтуі, жұқтыру қабілеті жоғары болғандықтан назарды тек той-томалақ, дүкенге барғанда емес, есік алдына шыққанға да аудару керек.

Өйткені, сыртта балалар ойнап, ата-аналары әңгімелесіп отырады. Барлық оқушы мектепке барып оқып жатқан жоқ қой, олар бос уақытында есік алдында ойнайды. Есіктің алдында жүріп, бір-бірімен сөйлеседі, сақтық шараларын ұсынбайды. Сол себепті есік алдына шыққанда да бетперде киіп, арақашықтықты сақтаған жөн,-дейді  дәрігерлер.