АУДАНДА ВАКЦИНА ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

03.03.2021ж

Наурыздың үші күні ауданымызда коронавирусқа қарсы вакцинаны егу науқаны басталды. Ауданымызда қазіргі таңда аудандық емханада 1 пункт  жұмыс істейтін болады. Өңірге  Ресейде шығарылған «Спутник V»  екпесінің  500 дозасы жеткізілді.

Алғашқы болып вирусқа қарсы вакцинаны медицина қызметкерлері алды. Ендігі кезекте ауданның кез келген ерікті азаматы отандық вакцинаны  салдыра алатын болады.

                Наурыздың  3-і  күні  өңірде алғашқы болып вакцинаны егуді аудандық инфекционист дәрігер  Ақмарал       Катарбайқызы   бастады. Осылайша өз қалауларымен вакцина алуға келісім берген медицина қызметкерлінің COVID-19  қарсы екпені алды. Инфекционист дәрігер А.Катарбайқызы өз сөзінде: «Коронавирус індетінің беті әлі қайтпады. Аудандағы кейбір ауылдарда індетке шалдыққандар саны да күрт өсуде. Өзім инфекционист дәрігері ретінде коронавирус салдарынан өмірімен қош айтысып жатқан жандарды да күнде көріп жүрміз. Осыған орай вакцина салдыру қажеттілік деп ойлаймын. Сондықтан да екпе егуге бірінші болып келісімімді бердім. Өйткені, коронавирусқа қарсы иммунитет барлық адамда бірдей қалыптаспайды» - деп аудан  тұрғындарын  екпемен егілуге  немқұрайлы  қарамауға  шақырды.

                Айта   кетейік, елімізде жаппай вакцинациялау науқанында салынып жатқан «Спутник V» аденовирус векторына негізделген векторлық вакцина.   Вакцинациялау елімізде ақпан айында  бастау  алған   болатын.  Ол  ерікті  түрде   жүргізіледі. «Спутник V» вакцинациясының матрицалық РНҚ-ның инновациялық технологиясын қолдану арқылы жасалған Pfizer-BioNTech және Мoderna вакциналарынан айырмашылығы SARS-CoV-2 вирусының генетикалық материалын (тікенді қабық ақуызы) адам жасушаларына жеткізу үшін кәдімгі суық тиюді тудыратын аденовирус тұқымдасының басқа вирус қабығы қолданылған кезде векторлық технологияны қолданып жасалған. Жасушалар  иммун  реакциясын  тудыратын  ақуыз  шығарады,  осылайша  организм  вируспен  күресуді  үйренеді. 

А.ХАМЕТЖАНОВА.