МӘМС төлемегені үшін адамға қандай қауіп бар? Қандай айыппұлдар қарастырылған? Жұмыссыздарға қалай төлеуге болады?

23.02.2021ж

Жұмыс берушілер тарапынан жұмысшылар үшін МӘМС-ке жүргізілген төлемдер бойынша қарыз туындаған жағдайда төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасының 1,25% мөлшерінде өсімпұл көзделген.

Егер жұмыс беруші қызметкерге төлем жасамаса немесе төлем уақытылы жүргізілмесе, қызметкер МӘМС пакетінде медициналық көмек ала алмайды, оның мәртебесі «сақтандырылмаған» болып өзгереді.

МӘМС үшін аударымдар зейнетақы, әлеуметтік аударымдарды төлеу сияқты міндетті болып табылатынын атап өткен жөн. Бірақ жұмыскерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, БЖТ төлеушілерге қандай да бір айыппұл санкциялары жоқ. Төлемдер тұрақты болмаған жағдайда азаматқа сақтандырылу мәртебесі берілмейді.

Жұмыссыздар мемлекет аударымдар жасайтын азаматтардың жеңілдікті санатына жатады. Жұмыссыз мәртебесін растау үшін жұмыспен қамту орталығына хабарласып, есепке тұру қажет. Егер азамат жұмыссыз бола тұра, жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрмаса, онда дербес төлеуші ретінде ай сайын 2125 теңге мөлшерінде жарна төлеу ұсынылады

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130437