13.08.2021ж
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттер парақшасында Қазақстан халқы 19 миллионға жеткенін хабарлады.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Қазақстан халқының саны тарихи межеден өтті. Алматы облысынан Жәния Азаматқызы 19 миллионыншы азамат болды» деп жазды Қ.Тоқаев.
Жәния Азаматқызы 2021 жылғы 20 маусымда дүниеге келді. Алматы қаласында туған, отбасында 4-ші бала туу туралы актісіне сәйкес нәрестенің (ата-анасы Назгүл Көбенбаева мен Азамат Нұрғалиев) Алматы облысы, Іле ауданында тұрады.
Жәнияның ата-анасын құттықтауға Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Дандыбаев пен Іле ауданының әкімі Б.Қарасаев келді. Олар отбасын сәбидің дүниеге келуімен құттықтап, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан «Алғыс хат» пен 1 000 000 теңге сертификатын, сондай-ақ балаға сыйлық берді.
Көбей қазақ! Сәбидің жасы ұзақ болсын! Қазақ елі өсіп-өркендей берсін!