Қос бірдей қуаныш

19.04.2019ж

Жуырда аудан мектептері арасында «Үздік сынып жетекшісі-2019» байқауы өтті. Қаладағы  №6 орта мектепте өткен бұл байқауға 14 мектептен келген таңдаулы сынып жетекшілері қатысты.

 

      Байқау  шарты  бойынша «Рухани жаңғыру» аясында «Туған жер» тақырыбына  ашық  сабақ  өтіп, өзінің  сыныбын  таныстыру  сияқты  шарттарды мінсіз  орындаған  Әулиеағаш орта мектебінің  ағылшын  тілі пәнінің мұғалімі, 6 сыныптың  сынып жетекшісі Жанат Досхожаева бас жүлдені жеңіп алды.

      Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде Әулиеағаш орта мектебінің мұғалімдерін басқарып отырған мектеп директоры Гүлнәр Қойжаярова білім сапасына   және мұғалімдердің біліктілігіне көңіл аударуда. Соның нәтижесінде аудан көлемінде өткен «Үздік сынып жетекшісі -2019» байқауының жеңімпазы Ж.Досхожаева облыстық  байқауға  жолдама  алды.