БІЗДІҢ МАҚСАТ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
- Толығырақ
- Жарияланды 09.07.2018 05:39
- Автор: Super User
- Категория: 100 нақты кадам
- Қаралды: 1554
Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» кіріспесінде оның қоғам мен мемлекеттегі түбегейлі өзгерістерді қалыптастыратыны айтылған, олардың басты мақсаты – жүйелі аурулардың сыртқы белгілерін жуып-шаю емес, оны емдеу болып табылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз осы мәселені шешудің кешенді амалдарын қарастырдық.
Біріншіден, кадрларды іріктеу және жоғарылату барысында біліктілік тәсілі енгізілді. Маманның білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар оның өз білімін күнделікті қызметте қалай қолданатынын және осыған қажетті дағдылары мен қабілеттерінің болуын анықтаудың маңыздылығымен келіспеу мүмкін емес. Нәтижелі жұмыскер болу үшін теориялық білім жеткіліксіз. Мысалға, көшбасшылық саласындағы маман әрқашан көшбасшы болуға қабілетті емес.
Екіншіден, мемлекеттік органдардың қызметшілерін бағалау жүйесін қайта қарастыру іске асырылды. Бұл жүйенің кемшіліктері айқын. Мемлекеттік қызметшінің атқаратын жұмысының нәтижелілігі ұйымның стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға қосқан жеке үлесіне әділ баға беруге мүмкіндік бермейтін ресми көрсеткіштерге орай анықталды.
Біз маманның кәсіби қалыптасуын ғылымға негізделген тексеру жүйесін енгізу арқылы осы және басқа кемшіліктерді жойдық. Бұл жүйенің сапасы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттау барысында сыналды.
Мемлекеттік органдардың қызметшілерін қаржылық ынталандыруды күшейту қажет болды.Ол үшін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленді, пилоттық режимде Агенттікте, Әділет министрлігінде, Астана қаласының және Маңғыстау облысының әкімдіктерінде енгізілді.
Ол екі бөліктен тұрады: факторлы-балдық шкала негізінде анықталатын «тұрақты» және бір жыл ішінде атқарған жұмыс нәтижелері бойынша кем дегенде 4 жалақыдан жоғары бонус төлеуге байланысты «ауыспалы».
Пилоттық жобаның мәні неде?
Жаңа жүйенің үш айқындаушы факторы бар. Ол құзыреттілік пен жұмыс тәжірибесі, шешілетін міндеттердің ауыртпалық деңгейі және нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершілік деңгейі.
Аталған факторлар бойынша «ұпайлар» жиынтығы еңбекақы төлеудің жаңа кестесіндегі лауазымның орнын айқындайды. Ол 4 блокқа біріккен: жауапты хатшылар, аппараттардың басшылары мен комитеттердің төрағалары кіретін жоғары басқарушы, негізгі, жәрдем беруші және қосалқы. Қызметінің тиімділігі ұйымның стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі үшін түйінді болып табылатын негізгі салалық бөлімшелердегі жұмыс, әрине, жәрдем беруші және қосалқы құрылымдардағы жұмыспен салыстырғанда әлдеқайда жоғары төленетін болады.
Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу не береді?
Біріншіден, материалдық ынталандырудың пәрменді тетігі құрылады. Біз бірінші рет жұмыстың сипатына, ауыртпалық деңгейіне және тиімділігіне қарамастан, барлығы тең дәрежеде жалақы мен сыйақы алатын теңестірілген тәсілден бас тартамыз.
Екіншіден, жаңа моделді қолдану аймақтардағы және орталықтағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысындағы үйлеспеушілікті 70%-дан 10%-ға дейін түбегейлі қысқартуға мүмкіндік береді. Ол «орталық-аймақ-орталық» қағидасы бойынша кадрлар айналымы тетігін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Үшіншіден, осы жолмен біз мемлекеттік қызметті әсіресе талантты жастар үшін еңбек нарығындағы тартымды, бәсекеге қабілетті ойыншы ретінде таныстыра аламыз. Бүгінгі күннің өзінде пилоттық органдардағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі есе артты.
Әрине, санаулы айлар ішінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандырудың үздік моделі құрылады деп есептеу қателік болар. Сол себепті бұл жобаны жүзеге асырудың барлық мәселелік жақтарын талдап, әрі қарай оны барлық мемлекеттік аппарат ауқымында іске қосу үшін пилоттық режимде енгізілді.
Пилоттық жобаның аралық нәтижелері қызметшілердің адал және тиімді еңбек етуге талпынысын, сонымен қатар бәсекенің артуын көрсетіп жатқанын атап өткен жөн. Өткен жылмен салыстырғанда кадрлардың ауысуы шамамен 3 есе азайды, ал Әділет министрлігінде ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет жүйесінен бір де бір адам кетпеген.
Бір орынға жарияланған байқауға үміткерлер саны 55, ол мемлекеттік қызметтің тартымдылығы мен абыройының артуын дәлелдейді. Реформаның жоғары тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі - пилоттық жобаны жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік органдардан сұрастырылған жұмысшылардың 95%, оның нәтижелеріне қанағаттануында.
Қызметкерлерді басқарудың интеграцияланған жүйесінің жұмыс істеуі шеңберіндегі кадрлық іс-жүргізуді орталықтандыру мемлекеттік органдардың құрылымы мен қызметшілерін оңтайландырудың сапалы жаңа кезеңінің бастамасы болмақ. Біздің есебіміз бойынша, аталған модельді барлық мемлекеттік қызмет ауқымында қолдану кадр бөлімдерінің қызметкерлерін және жалақы төлеу бойынша бухгалтерлерді шамамен 4600-ге қысқартып, жыл сайын 5,5 млрд. теңге үнемдеуге алып келеді. Оңтайландыру бойынша кешенді жұмыс мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының жаңа жүйесін енгізу бойынша жобаға қатысатын әкімдіктерде де жүргізілуде.
Жалпы факторлы-балдық шкаланы енгізу бойынша жұмысты мемлекеттік органдарда шығындарды оңтайландыру есебінен қарастырылатын қаржының болуын есепке ала отырып, кезең-кезеңімен өткізу қарастырылған. Соның өзінде Президенттің 2007 жылғы 29 наурыздағы «Әкiмшiлiк реформаны одан әрі жүргізу жөнiндегi кейбір шаралар туралы» Жарғысына сәйкес еңбекақы төлеудің қолданыстағы қорының бюджетке қайтаруды қажет етпейтіндігін, яғни мемлекеттік органдардың теңгерімінде қалдырылатындығын ескертіп өткен жөн.
Жоғары ынталанған мемлекеттік қызметші, өзінің мансаптық және материалдық келешегінің тұтас және толығымен ұйымның мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан өз үлесіне, әлеуеті мен жеке қасиеттеріне баға беруге тәуелді екеніне сенімді болған жағдайда өзінің абыройын бағалап, әрқашан өзінің кәсіби білімі мен дағдыларын дамытуға талпыныс жасайтыны ешбір күмән туғызбайды. Бұл - біздің атқаратын еңбегімізден күтілетін нәтиже.
Алик Шпекбаев,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.