Әдептіліктің негізі

Жуырда «Айдарлы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Әдеп кодексі – әдептіліктің негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

    Отырысты округ әкімі Ерлан Оспанбаев ашып, жүргізді. Төраға хабарлама жасап, «Әдеп кодексі – әдептіліктің негізі» туралы түсініктеме берді. 

    Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

        Округ әкімі аппаратының бас маманы Дарын Мейрамұлы. «Жалпы әр мемелекеттік қызметші өз қызметін адал атқарып, халықпен қарым-қатынаста барынша қарапайым болуы керек. Өз міндетіне жауапкершілікпен қарап,  оны сапалы атқаруы тиіс»- деп өз пікірімен бөлісті.

        Әр мемлекеттік қызметші, әр адам өзін дамытса ол Қазақстанымыздың дамуы деп есептеймін. Адамға қойылатын басты талап - асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам - өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және қарапайымдылығымен ардақты. Сол себепті сапалы қызмет атқаруымен қоса рухани дамуды да ұмытпағанымыз жөн.

Жадыра   Әжібекова,

 Айдарлы ауылдық округі әкімі

Күнтізбе

« Қыркүйек 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3670201