Келешекке жасалған бетбұрыс

Елбасымыз  Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары кемел келешегімізге жасалған жарқын қадам десек қателеспейміз. Аталған ұлттық жоспарда еліміздің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық дамуы жан-жақты қарастырылған.

   Жаңару, даму жөніндегі басты міндеттерді жүзеге асырушы  кәсіби мемлекеттік аппарат құрудан     бастау керектігі баса көрсетіліп отыр. Әрбір мемлекеттік қызметкер өз жұмысында жаңашылдықпен, тындырымды жұмыс жасағанда ғана жетістікке жететініміз аян.

 

     «100 нақты қадамның», «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты тарауларында мемлекетімізді дамудың сара жолына алып шығудың нақты жоспары айқын көрсетілген. Халыққа қалтқысыз адал қызмет ету, еліңнің дамуына үлес қосу, өз ісіңе жауапкершілікпен қарау керектігін Елбасымыз биылғы жолдауында да атап көрсетіп отыр.

    Ұлт жоспарының 13-қадамында ерекше атап көрсетілген сыбайлас жемқорлықпен күрес Елбасымыздың саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Тәуелсіз елдің нұрлы болашағы, ұлт мүддесі үшін болашаққа сеніммен қарай отырып, Елбасымыздың стратегиясы мен бағдарламаларын бүкіл қоғам болып орындау бізге үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді.

Т. Оспанов,

аудандық

 мәслихаттың  депутаты.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3670160