Заң үстемдігі- дамуымыздың кепілі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының II-ші бөлімінің 16-34-қадамдарында  «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» шаралары жүйелі түрде нақты көрсетіліп отыруымен аса құнды еңбек болып табылады.  Тәуелсіздік - тәңіріміздің бізге берген бақыты, халқымыздың  басты құндылығы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабылеттілік» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев сот жүйесін түбегейлі жетілдіруге көңіл бөліп  отыр.

 

                Сот әділдігін, халықтың сотқа деген сенімділігін қалыптастыру мен соттар қызметіне заңнан тыс кез келген ықпал ету тетіктерін жоюды да осы Жолдауында кеңінен қарастырып отыр.      Әділдіктің сотта салтанат құруы басты заң қағидасы болуы керек. Атап айтқанда, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесін үш сатылы сот жүйесіне көшіру, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін сенімді қорғау, құқық үстемдігі мен баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз ету, қорғаушының соттағы ролін арттыру бағытындағы жұмыстардың күшейтілуінің өзі халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын болады.         

                Сот тәртібінде қарастыруға тиісті даулардың санын қысқарту, медиацияны кеңінен қолданысқа енгізу арқылы азаматтарымыздың көптеген маңызды мәселелері сөзбұйдалыққа жеткізілместен жедел, тиімді шешу мүмкіндіктері пайда болғанын атап айтуымыз керек.

                Ұлт Жоспарындағы сот жүйесінің қызметін оңтайландырудың тиімділігін халық бүгін сезініп отыр. ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып сот жүйесінің жұмысы түбегейлі жақсарды, сот процестері жеңілдетіліп, қарапайым азаматтарға қолжетімді бола түсті. Сот ісін жүргізуге ақпараттық технологиялар енді, судьялардың жаңа Этикалық кодексі қабылданды. Бәсекеге қабылетті болу мақсатында әрбір судья өз біліктілігін арттыруға ұмытылуда, ізденіске түсуде.

                Мемлекет көлемінде жүргізіліп отырған  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, «Цифрлы Қазақстан» және өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен Жолдауларда көрсетілген заң үстемдігін қамтамасыз ету шараларының бәрі мемлекетіміздің жан-жақты дамуының кепілі болып табылады, олардың табысты орындалатына халқымыздың сенімі мол.

М.Сағымбек,

аудандық Әділет  басқарамасының

басшысы,  Қазақстан

Заңгерлер   Одағының мүшесі.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4124213