«Мәңгілік ел» патриоттық актісі

Бүгінгі күні Қазақстанның  алдында қойып отырған басты мақсаты – әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Нақты көрсетілген 100 нақты қадамның ішінде 85-ші қадам «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасы.

    Патриоттық акт – халқымыздың бүгінгі өміріне де, болашағына да тікелей ықпал ететін маңызды құндылықтардың жиынтығы. Құжатта атап өтілгендей, мемлекетімізді нығайтып, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызу үшін беріктік қорын жасап беруге бағытталған.

     «Мәңгілік ел» патриоттық актісі ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея. Идеяның негізгі философиясы, дамудан жаңылмау, өзгеруге ұмтылу. Қазақта ата бабамыздан келе жатқан «50 жылда ел жаңарады» деген сөзі бар. Яғни 50 жылда даму санасы өзгереді, ал адам санасы айналадағы саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірге байланысты.

    Елбасымыз Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясында басты жеті құндылықты атап көрсетті: бірінші, бұл-Қазақстанның тәуелсіздігі. Тәуелсіздік дегеніміз – елдің егемендігі, халықтың бостандығы, сана еркіндігі. Екінші құндылық, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Төртінші құндылық, бұл - индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім. Бесінші құндылық, бұл – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Алтыншы құндылық, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетінші құндылық, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу. Аталған  жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. 

  «Мәңгілік ел» патриоттық актісінде көрсетілген барлық мәселелер –қазақ халқының көкейінде жүрген, ата бабамыздың арманына айналған мәселелерді қамтыған. Патриоттық акт – Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған буынның кейінгі ұрпаққа аманаты. Әр адамның жүрегінен орын алатын нәрсе. Ондағы құндылықтарды мәңгі қастерлеп, дамыта білсек Мәңгілік ел болу деген осы.

               

                       Мөлдір  Нұрахынова,

 аудандық   Әділет

  басқармасының

 жетекші  маманы.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3670178