Жалпыға ортақ еңбек қоғамын алға жылжыту

Елімізде «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі іске асып жатыр. «100 нақты қадам»- бұл жаһандық және ішкі сын қатерлереге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. «100 нақты қадам» елімізде «2050 - Стратеги­ясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.

 

                Ұлт жоспарының 88-қадамында - Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы идеясын алға жыл­жыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму, индустриаландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылда­рында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың табыстарының дербес тарихын еске­ре отырып, Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саяса­ты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталғандығы атап көрсетілген.

Ф.ЖҰМАШЕВА ,

аудандық Әділет

басқармасының инспекторы .

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3670119