Біртектілік пен бірлік
- Толығырақ
- Жарияланды 21.03.2018 05:12
- Автор: Super User
- Категория: 100 нақты кадам
- Қаралды: 2578
Елбасы Н.Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ұзақ мерзімді қамтитын – Біртектілік пен бірлік.
Қазіргі кезде елімізде біртектілік пен бірлікті нығайтуға бағытталған, сондай ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің тәжірибесіне негізделген жиырмаға жуық нормативтік акт әзірленіп, қолданысқа енгізілді.
Қолданысқа енгізілген осы құжаттардың нәтижесінде «Қазақстан 2050» Стратегиясын табысты жүзеге асырудың негізгі факторы болып табылатын қоғамдық келісімді, қазақстандық біртектілік пен бірлікті дамытуға байланысты барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын үйлестіруші ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институттық рөлі күшейтілді. Еліміз тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап, онда тұратын этностардың бірлігін сақтау және оны нығайту мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып келеді. Алдағы уақытта да солай бола бер мек. Сол себепті Елбасының тапсырмасына сәйкес 1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту күні бекітілді.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 87 – қадамында азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, бойынша «Қайрымдылық туралы» ҚР Заңы қабылданды. Оның мақсаты – қайрымдылықтың рухани- адамгершілік құндылықтарын нығайту, қолдау және қалыптастыру арқылы қоғамды өздігінен дамытуға ықпал ету. Аталған Заң қайрымдылық көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік, медициналық ұйымдарға, этномәдени бірлестіктерге, мәдениет және өнер, білім мен ғылым, спорт, сонымен қатар, Қазақстан халқы үшін мәдени тарихи маңызы бар ұйымдарға, аталған салаларға еңбегі сіңген қайраткерлерге көрсетуді қарастырады.
Ғабит БАЙСИЫКОВ,
аудандық Әділет басқармасының
инспекторы